Жетісу облысында азаматтардың орташа жалақысы 331 мың теңгеге жетті

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: Shutterstock

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңір азаматтарының орташа айлық жалақысын атады.

Аймақ әкімі келтірген мәліметке сенсек, орташа айлық жалақы мөлшері 18%-ға өсіп, 331 мың теңгеге жеткен (бұрын – 280,5 мың теңге). Облыс басшысы өңірде жұмыссыздық деңгейі де төмендеді деп сендірді.

Өңірімізде2023-2025 жылдары 108,5 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 70 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.  Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі – 4,7%-ға төмендеді (2023 ж. – 4,9%), атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есе азайды. 

Облыста жан басына шаққандағы орташа табыс 19%-ға ұлғайып, 172 мың теңгеге жеткен(144 мың тг.)

Айта кетейік, ұлытаулықтардың орташа жалақысы 554 мың теңге болса, Жамбыл облысында орташа жалақысы 308 мың теңгені құрайды. Шымкентте де орташа жалақы 10%-ға өсіп, 334 мың теңгені маңайлаған.

Сондай-ақ оқыңыз