Бірнеше өңірде жолдар жабылды
Жарияланды

Елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды. «ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, Павлодар облысында сағат 10:40-та «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырымы жабылды.
Ақмола облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырымы жабық.
Жол 13 желтоқсан сағат 15:00-де ашылады.
Елдің шығысына келсек, сағат 12:00-де ауа райының нашарлауына байланысты «Өскемен-Семей» автожолының 10-198 шақырым аралығы жүк және қоғамдық көлік үшін жабылды. Жол 14 желтоқсан сағат 06:00-де ашылады.
Айта кетейік, 13 желтоқсанда елдің батыс, шығыс және солтүстігінде жел күшейеді.