Ақмола облысында бірден жеті көлік соқтығысты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
ДТП
Жеті көлік соқтығысты/фото: облыстың полиция департаменті

Ақмола облысында Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында бірден жеті автокөлік соқтығысты.

Жол апаты 13 желтоқсанда Павлодарға қарай баратын жолда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі адам әртүрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полицияның мәлімдеуінше, жол апатынан кейін сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір апаттың барлық мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды.

Сондай-ақ оқыңыз