Айзат Жұманованың өлімі: облыс әкімі марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қылмыстық іс Талдықорған сотында қаралып жатыр/фотоны марқұмның туыстыры жолдады

Жетісу облысы Баласаз ауылында қайтыс болған 32 жастағы Айзат Жұманованың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

«Білуімше, жігіт жақсы отбасыдан шыққан. Бақуатты отбасы деуге болады. Ер адам кәсіппен айналысқан. Жергілікті әкімдік марқұмның отбасына, қызына, ата-анасына көмектеседі», – деп жауап берді Исабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Алайда қандай көмек көрсетілетінін нақтыламады.

Айзаттың қазасы

Қайғылы жағдай Жетісу облысы Баласаз ауылында болған.

Тергеу дерегінше, 2025 жылдың 21 маусымы сағат 05:00 шамасында Айбар Жанболат тауға атпен мал бағуға кетіп, 16:30 шамасында үйіне келген. Сол кезде Жұманованың табалдырықта біреумен сөйлесіп тұрғанын көріп, кіммен әңгімелескенін сұраған. Жұманова жауап бермей, үйге кіріп кеткен. Ашуланған Айбар Жанболат мотоциклге отырып, Суықсай ауылындағы дүкенге барып, 7-8 бөтелке сыра сатып алған. Жол бойы сатып алған сыраны ішкен.

Үйге келген соң Жұманованың белгісіз біреумен телефон арқылы сөйлесіп жүргені есіне түсіп, қызғаныш сезімі оянып, әйелін өлтіруді ойлаған.

Оқиғаны бәрі ерлі-зайыптының екіге толмаған қызының көзінше болған.

Сондай-ақ оқыңыз