Lifestyle

Beu fest елордада мыңдаған тыңдарманның басын қосты – видео

Сахнаға алдымен «Адай» тобы шықты/фото: Серикжан Ковланбаев

Beu fest 2025 бірнеше жылдан бері музыка чарттарынан түспей келе жатқан орындаушылардың басын қосты. Астанадағы Barys Arena стадионына мыңдаған тыңдарман жиналып, Ninety One, Aikyn, Shiza-ның және басқа да орындаушылардың өнерін тамашалады.

@ss.aa.gg.aa @ARO ♬ оригинальный звук – sagynysh❤️‍🩹

Beu Fest осылайша жылдың музыкалық қорытындысын елордада өткізді. Сахнаға алдымен әлемдік хит әндерді домбыра үнімен үйлестірген Adai тобы шықты. Кешті Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек және BEU AI жүргізді. AI кеш барысында залдағы көңіл күйді де бағалап отырды.

BEU FEST ASTANA/фото: Серикжан Ковланбаев
Beu fest Astana/фото: Серикжан Ковланбаев

Фестивальде Ninety One, V$XV PRiNCE, Aikyn, Shiza, Yenlik, 6ELLUCCI, Ayau, Marhaba Sabi, ARO, kilemger өнер көрсетті.

@taubayqyzy Bey fest Astana 2025 #beufest2025 ♬ оригинальный звук – Aigerim Taubay

Ішінде Aikyn мен Shiza жаңа туындының тұсауын кесті. Алайда жаңа әннің атауы әлі бекітілмеген көрінеді.

@ss.aa.gg.aa

Ah, Yah, Mah🔥❤️

♬ оригинальный звук – sagynysh❤️‍🩹

Кештегі тағы бір ерекшелік – «Асыл мұра» перформансы. Мұнда қазақ өнерінің көрнекті тұлғаларының фотосы көрсетіліп, әсем әуендерінің үзіндісі шырқалды. Арасында Әміре Қашаубаев, Роза Бағланова бар.

Beu fest Astana/фото: Серикжан Ковланбаев

Айта кетейік, кеш демушілері арасында Freedom Holding Corp. да бар.