Бүгін қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионаты финалында бақ сынайды

Қазақстандық боксшылар Дубайда Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында бақ сынайды.
Курсивтің орыс тіліндегі редакциясының хабарлауынша, финалға Қазақстан атынан Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Сабыржан Аққалықов (75 кг) шықты.
Финалдық кездесу кестесі мынадай:
18:30 – 54 кг. Сәкен Бибосынов – Вячеслав Рогозин (Ресей)
18:45 – 57 кг. Оразбек Асылқұлов – Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)
19:45 – 71 кг. Абылайхан Жүсіпов – Сергей Колденков (Ресей)
20:00 – 75 кг. Сабыржан Аққалықов – Исмаил Муцольгов (Ресей).
IBA ұйымдастырған ерлер арасындағы бокстан әлем чемпионаты Дубай қаласында (БАӘ) 4-13 желтоқсан аралығында өтіп жатыр. Турнирге 118 елден спортшылар қатысады.
Жалпы 13 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Турнирдің жүлде қоры – 8,3 миллион АҚШ доллары.
Финалды мына жерден көруге болады.