Қарағанды облысында пойыз қағып кеткен 4 жұмысшының аты-жөні жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайғылы жағдай 10 желтоқсанда болған/фото shutterstock

Қарағанды облысында пойыз қағып кеткен 4 жұмысшының аты-жөні жарияланды. Қайғылы оқиға «Мойынты-Шығанақ» теміржол учаскесінде болған.

«Теміржол төсемі аймағында Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан.

Барлық қажетті шараға қарамастан, жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды», – деп хабарлады ҚТЖ.

Бұған дейін 11 желтоқсанда түстен кейін Алматы-2 вокзалында бір топ жолаушы табиғи газбен ауланып, соның салдарынан 52 адам зардап шекті.

Сондай-ақ оқыңыз