Қазақстан – Қытай шекарасындағы өткізу пункттері екі күнге жабылады

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жабылады.
Мерекеге байланысты 16 және 17 желтоқсанда ЕАЭО кедендік шекарасының Қазақстан – Қытай учаскесіндегі автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Ресей федералды кеден қызметі ескертті.
Екі күн жабық болатын кеден бекеттері:
Бақты – Абай облысы;
Майқапшағай – Шығыс Қазақстан облысы;
Достық және Нұр Жол – Жетісу облысы;
Қалжат – Алматы облысы.
Айта кету керек, Жетісу облысындағы Достық және Алтынкөл теміржол өткізу пункттері тәулік бойы қалыпты режимде жұмыс істейді.
Елде 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда қосымша бір күн демалады. Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер желтоқсанда 9 күн демалып, 22 күн жұмысқа барады. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады.