ХҚКО-лар 16 желтоқсанда жұмыс істемейді

Елде 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Бұл труалы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы хабарлады.
Айта кетейік, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Орталықтар 17 желтоқсанда жұмысын жалғастырады.
Жұмыс күндері ХҚКО-лар, мамандандырылған орталықтар сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі.
Ал сенбіде өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.
Айта кетейік, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда қосымша бір күн демалады. Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер желтоқсанда 9 күн демалып, 22 күн жұмысқа барады. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады.