Теракт: Сидней жағалауында атыс болып, кемі 12 адам қаза тапты (видео)

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Сидней Бонди-бич жағалауы
Бонди-бич жағалауы / фото: shutterstock

14 желтоқсан, жексенбі күні Сидней қаласындағы Бонди-бич теңіз жағалауында атыс болып, кемі он екі адам қаза тапты. Содырлар еврелейлер мерекесіне жиналған адамдарға оқ атқан. Австралия билігі шабуылды теракт деп атады. Мәліметті CNN телеарнасы таратты.

Теңіз жағасындағы атыс

Австралия полиция қарулы екі адамның шабуылынан кем дегенде 12 адам мерт болғаны туралы ресми ақпарат жариялады. Бұған қоса қару пайдаланған содырлардың бірі сол жерде оққа ұшқан.

Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясы екінші содырдың халі мүшкіл екенін телеарнаға растады. Шабуылдан зардап шеккендердің арасында полицияның екі қызметкері бар.

«Атыс болған орныннан табылған күдікті заттарды мамандар тексеріп жатыр. Жағажай қоршауға алынды», – делінген полиция мәліметінде.

Құқық қорғау органдары Сиднейдегі шабуылға қатысты баспасөз конференциясын өткізеді.

Отшашу деп ойлап қалған

Мәліметтерге қарағанда, теңіз жағасында демалып жатқан адамдар бастапқыда атысты отшашумен шатастырып алған.

«Басында отшашу деп ойлап қалдық, кейін атыс екені түсінікті болды. Өйткені адамдар жан-жаққа қаша бастады», – дейді куәгерлердің бірі CNN-ге.

Қарулы адамды жерге жыққан батыр

Австралиядағы осы оқиға кезінде түсірілген видеолар мен суреттер әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Солардың бірінен атыс ұзаққа созылғанын байқауға болады.

Желіде таралған тағы бір видеода қарапайым бір азаматтың шабуылдаушыға тап беріп, оның қолындағы қаруын тартып алғаны анық көрініп тұр. Көпшілік ол азаматты батыр деп атап жатыр.

Бонди-Бич – Сидней қаласының адамдар көп жиналатын демалыс орындарының бірі. Көпшілік мұнда теңіз жағасында көңіл көтеруге, суға түсуге, сонымен бірге серфинг үшін жиналады.

Сондай-ақ оқыңыз