
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Айта кетейік, өткен аптада Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі әрі баспасөз қызметшісі қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Бұл лауазымда ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарына министрлік ұстанымын жүйелі түрде жеткізіп келді.