Айзат Жұманованың туыстары 100 млн теңге моральдық зиян талап етті

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Айзат Жұманова
Айзат Жұманованың туыстары 100 млн теңге моральдық зиян талап етті /фото әлеуметтік желіден алынды, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жетісу облысында аяусыз өлтірілген Айзат Жұманованың туыстары оның күйеуінен моральдық зиян ретінде 100 млн теңге өндіруді талап етеді.

15 желтоқсан күні облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 32 жастағы Айзат Жұманованы өліміне байланысты отырыста күдікті ретінде оның күйеуі Айбар Жанболат істі болды. Жәбірленуші тарап 100 млн теңге мөлшерінде моральдық зиянды өндіріп алу туралы, сондай-ақ, 1,5 млн теңге өкілдік шығындарды өтеу туралы өтініш білдірді.

Судья Әділет Бақытов жәбірленуші тараптың өтінішін қарауға қабылдады, бірақ оның көлемі бойынша шешім кейінірек жария болады.

Айзаттың қазасы

Қайғылы жағдай Жетісу облысы Баласаз ауылында болған.

Тергеу дерегінше, 2025 жылдың 21 маусымы сағат 05:00 шамасында Айбар Жанболат тауға атпен мал бағуға кетіп, 16:30 шамасында үйіне келген. Сол кезде Жұманованың табалдырықта біреумен сөйлесіп тұрғанын көріп, кіммен әңгімелескенін сұраған. Жұманова жауап бермей, үйге кіріп кеткен. Ашуланған Айбар Жанболат мотоциклге отырып, Суықсай ауылындағы дүкенге барып, 7-8 бөтелке сыра сатып алған. Жол бойы сатып алған сыраны ішкен.

Үйге келген соң Жұманованың белгісіз біреумен телефон арқылы сөйлесіп жүргені есіне түсіп, қызғаныш сезімі оянып, әйелін өлтіруді ойлаған.

Оқиғаны бәрі ерлі-зайыптының екіге толмаған қызының көзінше болған

Сондай-ақ оқыңыз