БАҚ: Украина 100 күн ішінде сайлау өткізуге дайын

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
зеленский
Фото: shutterstock

Украина билігі 100 күн ішінде сайлау өткізуге және «белгілі бір шарттармен» НАТО-ға кіруден бас тартуға дайын. Бұл туралы Bild басылымы жоғары лауазымды украиналық шенеунікке сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский соғыс қимылдарын қазіргі аумақ бойынша тоқтатуға келісуі мүмкін. Алайда ол Украина әскерлері бақылауында тұрған аумақтардан әскерді шығарудан бас тартады.

Осыған дейін АҚШ Ресей және Украина әскері тұрған шығыс өңірде «еркін экономикалық аймақ» құру деген идея ұсынған. Бірақ оны кім басқаратыны белгісіз.

Зеленский Ресейге кейбір аумақты қалдыру туралы мәселені Украина халқы шешуі керек деп есептейді. Ол үшін референдум не сайлау өткізуге дайынбыз деген еді.

Сондай-ақ оқыңыз