Блогер Бота Миа туған күн жасап, барлық қызға бриллиант сыйлады

Жарияланды 15 Желтоқсан 2025 12:29

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
блогер Бота Миа
фото: Bota Mia инстаграм парақшасынан

Инстаграмда 1,2 млн оқырманы бар блогер Бота Нұрақын танымал инфлюенсерлердің басын қосып, туған күнін дүркіретіп тойлады. Ерекше кеште жиналған қыздарға тойбастар есебінде бриллиант сақина сыйға тартылды.

Ботаның туған күніне танымал блогерлер, инфлюенсерлер жиналды. Олардың арасында жүргізуші Диана Сқатова, Айдай Исаева, Аружан Абилова, әнші Жарқынай бар. Инстаграм парақшасын өшіріп, көптен көрінбей кеткен блогер Дамеля да осы кеште бой көрсетті.

Кеште әнші Илхан өнер көрсетті. Ал жиналған қыздарға Бота бриллиант сақина тақты.

фото: Bota Mia инстаграм парақшасынан

Осыған дейін блогер қыздар арасындағы тренд жайлы жазған едік. Ерекше сыйлық алғандар қатарында Бота Нұрақын да болды. Бейтаныс жігіт Ботамен танысу үшін 2 млн теңге сыйлаған.

Сондай-ақ оқыңыз