Жаңалықтар

Отырарда 260 тонна мақта жанып кетті

фото: видеодан скрин

14 желтоқсан күні түстен кейін Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауылындағы мақта пунктінде өрт шығып, 260 тонна мақта жанып кетті. Қызыл жалын 360 шаршы метрді шарпыған.

«Өрт сөндірушілер 4240 тонна мақтаның жануына жол бермеді. Өрт сағат 06:54-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Өрттің неден болғаны анықталып жатыр. Отты сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірге орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың жұмысшылары атсалысқан. Жалпы 14 техника жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, қараша айында Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында үлкен өрт болып, 12 адамның өмірін қиған еді. Кейін аман қалған ерлі-зайыптылардың қызы да қайтыс болды.