Елде жұмысынан айырылғандар саны артып жатыр

Осы жылдың бірінші желтоқсанында елдегі жұмысынан айырылған 331,7 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның ішінде алғаш рет тағайындалғандар саны 289,8 мың адам.
Жұмыссыз жүрген 331 мыңнан аса адамға жалпы 118.5 млрд теңге төленген.
ҚР заңнамасына сәйкес, жұмысынан босаған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Айлығының 45%-на дейін мөлшерде ай сайын жәрдемақы төленеді.
Осыған дейін қарашада дерек бойынша, елде 308,4 мың адам жұмыссыз деп тіркелген. Оның ішінде алғаш рет төлемақы алған – 268,6 мың адам.
Ал қазанда жұмысынан айырылған 285,2 мың адамға 95 млрд теңге төленді. Оның ішінде алғаш рет жұмыссыздар деп тіркелгендер – 240,5 мың адам.
Қазанда жұмысынан айырылғандар үшін бюджеттен 95 млрд теңге, ал қарашада 106,8 млрд теңге төленген.