Masa Media басылымы Самал Ибраева иелігіне өтті

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Masa Media басылымы Самал Ибраева иелігіне өтті / Фото: MasaMedia

Отандық тәуелсіз Masa Media басылымы жобаның негізін қалаушы Айсана Әшімнен Ulysmedia басылымының басшысы Самал Ибраева иелігіне өтті. Бұл туралы Айсана Әшімнің өзі хабарлады.

MasaMedia басылымын 2020 жылы Айсана Әшім мен Әсем Жәпішева құрған. Басылым саясат, адам құқықтары және заң саласында материалдар жазып келген.

Айсана Әшімнің айтуынша, басылым бірнеше ай бұрын жаңа басшылыққа ауысқан. Ол басшылықтың ауысуының басты себебі ретінде хакерлердің аккаунтқа бірнеше шабуыл жасуы деді.

«Енді Мasa Самал Ибраева мен жаңа команданың жетекшілігімен дами береді. Олар жобаға жаңа идеялар мен күш-қуат беріп, оның құндылықтарын сақтайды деп сенеміз», – деді Айсана Әшім.

Айта кетейік, Самал Ибраева – журналист, Ulysmedia.kz порталының негізін қалаушы әрі бас редакторы.

Сондай-ақ оқыңыз