«Қайрат» футбол клубына жаңа ойыншы қосылды

Алматылық «Қайрат» футбол клубы 25 жастағы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады. Тараптар арасындағы келісім 2027 жылдың желтоқсан айына дейін жасалған.
Яакко Оксанен кәсіби мансабын Финляндиядағы «ХИК» клубында бастаған. 2018 жылы Англияның «Брентфорд» клубына ауысып, еуропалық футболда тәжірибе жинады. Кейін әртүрлі чемпионаттарда ойнап, өзінің тұрақты ойын өрнегімен көзге түсті.
2022 жылы жартылай қорғаушы Финляндияға оралып, «КуПС» клубымен келісімшартқа отырып, «Қайратқа» ауысқанға дейін сол клубта ойнаған.
Осы маусымда Яакко Оксанен «Қайратпен» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездескен. Екі матчтың қорытындысы бойынша «сары-қаралар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен, ал жартылай қорғаушы бірінші ойында гол соққан. Жалпы осы маусымда Оксанен 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.