
Қайрат Нұртас TikTok әлеуметтік желісінде қызы Алауымен бірге трендке айналған видео жариялады. Әке мен қыздың әзіл-қалжыңға құрылған бейнеролигі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Видеода Алау әкесіне түрлі қызықты сұрақтар қояды. Соның бірі: «Қандай жағдайда менен бас тартасыз?» деген сауал болды. Қайрат Нұртас бұл сұраққа ашық әрі шынайы жауап берді.
Алау: «Егер мен 18 жасымда аяғым ауыр болып, күйеуге шықсам, не істейсіз?» деп сұрағанда, әнші ойланбастан: «Ондай жағдайда бас тартамын», деп жауап қайтарды.
Алайда Қайрат Нұртас бұл сөзін әзіл мен тәрбиелік мағынада айтқанын да жасырмады. Қызының әлі жас екенін, ең алдымен білім алып, оқуын аяқтауы керектігін атап өтті.
@kaalauka_ все подробности тут 👉🏻 тгк: alauka’s diary | @Қайрат Нұртас ♬ оригинальный звук – alauka
Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, Қайрат Нұртастың әкелік ұстанымын қолдаған пікірлерін қалдырды. Көпшілік әншінің бұл жауабын дұрыс тәрбие мен жауапкершіліктің белгісі деп бағалады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас кенже қызымен алғаш рет жазба жариялаған еді.