
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 миллион 843 мың 358 автокөлік құралы тіркелген. Еліміздің автопаркінің негізгі үлесін В санатындағы жеңіл автомобильдер, яғни 4 миллион 898 мың 203 дана құрайды.
Тіркелген автокөліктердің ең азы Ұлытау облысында тіркелген: 33 418 көлік. Автомобильдердің ең көбі әдеттегідей еліміздің мегаполистері мен ірі аймақтарына тиесілі. Бірінші орында 718 мыңнан астам көлік тіркелген Алматы көшбасшы болып қала береді. Алматы облысында – 636 780 бірлік, Түркістан облысында – 495 818, сондай-ақ Астанада – 443 556 автокөлік елеулі көрсеткіштерге ие болды.
Қазақстан өңірлері бойынша тіркелген автокөлік құралдарының саны былайша бөлінді:
- Абай облысы – 92 851,
- Ақмола – 271 401,
- Ақтөбе – 235 536,
- Атырау – 166 012,
- Батыс Қазақстан – 189 927,
- Жамбыл – 310 426,
- Жетісу – 111 411,
- Қарағанды – 376 703,
- Қостанай – 280 269,
- Қызылорда – 185 849,
- Маңғыстау – 184 736,
- Павлодар – 232 022,
- Солтүстік Қазақстан – 203 401,
- Шығыс Қазақстан – 349 801.
Республикалық маңызы бар қалаларда тіркелген:
- Астанада – 443 556 көлік,
- Алматыда – 718 062,
- Шымкентте – 325 379 автомобиль.