Қазақстанның Грузияда ұсталған топ-менеджерлері: іс қалай тергеліп жатыр

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Батуми порты / Фото: shutterstock

Грузияда Батуми мұнай терминалының лауазымы жоғары үш қызметкері ұсталғаны бұған дейін хабарланған. Істің қалай тергеліп, не болып жатқанын Kursiv.Media тілшісі Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтен сұрап көрді.

«Мен коммерциялық жағынан ақпарат бере алмаймын. «Қазтрансойл» компаниясына сұрағыңызды бағыттасаңыз болады. Олар сізге нақты жауабын береді. Білуімше, қазір үш азамат жұмыстарында. Өз жұмысын атқарып жатыр», – дейді Ақкенженов.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Батумиде жұмыс істейтін үш азаматы 2025 жылғы 3 желтоқсанда ұсталған. Күдіктілердің аты-жөні аталмады, бірақ олардың жоғары лауазым иелері екені мәлім.

Грузияның құзырлы органдары терминал резервуарындағы 10 мың тоннадан астам шикізат заңсыз сатылып кеткенін әшкерелеген – топ-менеджерлер заң салығы төленбеген мұнайды экспорттап жіберген. Тергеушілер осы қылмысқа тағы кімдердің қатысы барын, шығын көлемін анықтап жатыр. Грузин баспасөзі күдіктілер 11 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін ескертті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы артынша Грузияда Қазақстанның үш азаматының ұсталуына қатысты мәлімдеме таратқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз