Сауд Арабиясының тақ мұрагері «Барселонаны» сатып алуы мүмкін
Жарияланды

Испанияның атақты «Барселона» футбол клубының жаңа иесі пайда болуы мүмкін. Бұл туралы испандық журналист Франсуа Галлардо әлеуметтік желіде хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, каталондық клубты Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман сатып алғысы келді.
Мәміленің болжамды құны шамамен 10 млрд еуроға бағаланып отыр. Егер бұл келісім жүзеге асса, «Барселона» қазіргі таңда 2,5 млрд еуроны құрайтын қарызын толық өтеуге мүмкіндік алады.
Айта кетейік, Испания чемпионатының 17-турында «Осасунаны» 2:0 есебімен жеңген «Барселона» турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайта түсті. Қазіргі таңда команда қоржынында 43 ұпай бар.