Шымкенттен Грузияға тікелей рейс ашылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

Шымкенттен тікелей Грузияға жаңа рейс ашылды деп хабарлайды Көлік министрлігінен.

«Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты», – деп жазылған ведомство сайтында.

Жаңа рейс аптасына екі рет, дүйсенбі және жұма күндері «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалады.

7 желтоқсанда Ақтаудан Қытайға тікелей рейс ашылатынын жазған едік. Қазір келіссөздер жүріп жатыр, осы жылы іске қосылуы мүмкін.

Сондай-ақ Астана мен Бурабай арасында әуе рейсі іске қосылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз