Сиднейдегі атыстан қайтыс болғандар саны 16-ға жетті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Сидней атыс
фото: Getty Images

Сиднейдегі Бонди-Бич жағажайындағы атыстан құрбан болғандар саны 16 адамға жетті, олардың біреуі атысты бастады деген күдікті. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам екі жақтан атқан. Бұл жайлы ВВС жазады.

Полиция дерегінше, адамдарға оқ атқан әкесі мен баласы. 50 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болған, ал 24 жастағы ұлы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Атыс басталғанда жағажайды еврейлердің Ханука мерекесі болып жатқан еді. Құзырлы органдар бұл оқиғаға теракт деп баға берді.

Куәгерлердің сөзінше, әйгілі жағажайдағы атыс он минутқа созылған. Сол сәтте мыңдаған адам демалып жатқан.

14 желтоқсан, жексенбі күні Сидней қаласындағы Бонди-бич теңіз жағалауында атыс болып, кемі он екі адам қаза тапты

Израиль билігі Аустралиядағы теракт туралы сыни мәлімдемелер жасап, Сиднейдегі Бонди жағалауындағы шабуылды айыптады.

Сондай-ақ оқыңыз