Ақылы жолдарда төлем жасау ережесі жеңілдейді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
фото: shutterstock

Көлік министрлігі ақылы жолдарда төлем жасау тәртібін өзгертуге кірісті. Жаңа ереже төлем жасау әдісін мейлінше жеңілдетеді. Бұл туралы Kursiv.Media министрлік мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Не өзгереді?

Үкімет жүргізушілерге төлемді уақытылы жүзеге асыру үшін қосымша уақыт пен мүмкіндік ұсынады.

Қазір жүргізуші жолақысын жеті күн ішінде төлемесе, материалдар көлік бақылау органдарына жолданып жүр. Енді жеке тұлға отыз күн ішінде төлем жасамаса, іс соның ертесіне тиісті мекемелерге түседі.

Заңды тұлғалар үшін

Осы уақытқа дейін жеке және заңды тұлғаларге бөлек талап болмаған. Енді жеке механизм енгізіледі. Жаңа талапқа сәйкес, заңды тұлға есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына жолданады.

Мұндай ұсыныс төлемді ыңғайлы етуге, мерзімін ұлғайтуға, әкімшілік жауапқа тартылу қаупін азайтуға бағытталған.

2025 жылғы қаңтар-қазан айларында ақылы жолдар арқылы бюджетке 79 млрд теңге түсті.

2026 жылдан бастап 2 мың км ақылы жолдың шамамен 350 шақырымы уақытша тегін болады.

Сондай-ақ оқыңыз