Астана мектептері 0-9-сынып оқушыларын қашықтан оқуға ауыстырды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
онлайн сабақ, қашықтан білім беру, дети в интернете
Астанада оқушылар онлайн оқиды / unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

15 желтоқсанда Астана қаласындағы мектептерде екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға жіберілді. Бұл туралы Kursiv.Media елорда әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Түстен кейін мектепке жоғары сынып оқушылары ғана келетіні туралы хабарламаны қалалық білім басқармасы таратқан.

«2025 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген басқарма мәліметінде.

«Қазгидромет» мәліметінше, Астана қаласында дүйсенбі күні жел екпіні 30 м/с-қа дейін күшейіп, боран болады.

Елорда оқушылары бұған дейін де бірнеше мәрте сабақты қашықтан оқыған. Оған қолайсыз ауа райы мен тұмаудың өршуі себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз