Lifestyle

Үздік сәнгерлер EXPO-да өтетін мерекелік жәрмеңкеде киім сатады

модель модельер қазақ қызы киім ұлттық
фото: shutterstock

19 желтоқсанда Астанадағы EXPO көрме орталығында «Жаңа жыл Fest» мерекелік жәрмеңкесі басталады. Елдің түрлі өңірлерінен сәнгерлер, қолөнершілер және зергерлер келіп, өнімдерін сатады. Kursiv.Media жәрмеңке бағдарламасын назарыңызға ұсынады.

Үш күнге созылатын сауда мерекесі таңертең сағат 10-нан кешкі 20-ге дейін жұмыс істейді.

Жәрмеңке аясында қонақтарға ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады: жаңа жылдық фотоаймақ, шеберлік кластары, балалардың қатысуымен өтетін сұлулық байқаулары, Аяз Ата мен Ақшақар, ертеңгіліктер және тағы басқа мерекелік іс-шаралар.

зергерлік бұйымдар күміс білезік қазақ ұлттық қолөнері
Күміс білезік / фото: shutterstock

Қолөнершілер мен зергерлер Жаңа жылға арналған сыйлықтар, кәдесыйлар, ойыншықтар, декор, зергерлік бұйымдар, киім, тоқыма заттары, тәттілер және тағы басқа өнімдер ұсынады.

Сонымен бірге жәрмеңкеге келушілер елдің барлық өңірінен келген сәнгерлердің киімдерін сатып ала алады.

Ал 21 желтоқсанда ерекше балаларға арналған ертеңгілік ұйымдастырылады. Оған 200-ге жуық ерекше бала қатысады. Олар ән айтып, би билейді, шығармашылық нөмірлерін көрсетіп, сән көрсетілімдеріне қатысады.

Бұл уақытта Алматы билігі қаланың әр ауданында коммуналдық жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр.