Lifestyle

«Әйелім – шопыр»: Төреғали Төреәлі 7 жылдан кейін сахнаға оралды

фото: insatagram

15 желтоқсан күні Төреғали Төреәлі Астанада Tore Show атты жеке шығармашылық кешін өткізді. Әнші араға жеті жыл салып, үлкен сахнаға қайта оралды.

Желіде журналист Айгүл Мүкей жариялаған видеода әнші домбырамен арнау айтып, өміріндегі өткен қателіктеріне ашық тоқталды. Төреғали жүргізуші куәлігінен айырылғанын айтып, қазір көлікті жұбайы айдайтынын әзілмен жеткізді.

Сондай-ақ ол бұрынғыдай журналистермен де, «шалдармен» де ерегісіп жүрмейтінін айтып, тыңдарманын күлдірді.

Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлі продюсер Жан Мұқаевпен қайта жұмыс істесе бастағаны туралы жазған едік.