Жаңалықтар

Астана – Щучинск тасжолы ауа райына байланысты жабылды

фото: kursiv.media архиві

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты қозғалысқа шектеу енгізілгенін хабарлады. 16 желтоқсан күні сағат 09:45-тен бастап барлық көлік түрлері үшін «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолының 18–232 шақырымы, яғни Астана қаласы мен Щучинск қаласы аралығы жабылды.

Ведомство мәліметінше, шектеу ауа райының күрт нашарлауына байланысты енгізілген. Жолды қайта ашудың болжамды уақыты: 17 желтоқсан сағат 08:00.

Бұған дейін 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жазған едік.