
Дональд Трамп АҚШ-та марихуананы бақыланатын заттардың III санатына көшіру туралы жарлық шығару мүмкін. Бұл туралы FOX Business хабарлады.
Қазіргі таңда марихуана I санаттағы бақыланатын заттар қатарына жатады. Бұл тізімде героин, экстази және пейот сияқты есірткілер бар. Яғни, марихуананың медициналық қолданылуы жоқ деп есептеледі. Ал III санатқа тайленол, кодеин, кетамин және тестостерон секілді заттар енгізілген.
Егер марихуана I санаттан шығарылып, III санатқа ауыстырылса, есірткіні сатып алу мен сату айтарлықтай жеңілдейді, ал бұл саладағы индустрияның табысы арта түсуі мүмкін. Дегенмен, марихуананы қолдану мен сақтау үшін федералды деңгейдегі жаза сақталады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта АҚШ-тың 40-тан астам штатында медициналық марихуана заңдастырылған. Ал 24 штат пен Колумбия округінде марихуананы рекреациялық мақсатта қолдануға рұқсат берілген.
Бұған дейін, бізде ҰҚК қызметкерлері АҚШ-тан марихуана тасыды деген күдікке іліккен еді.