Жаңалықтар

17 желтоқсанға арналған жұлдызжорамал

фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Милош Муратовский

17 желтоқсан – стратегиялық шешімдер қабылдауға арналған маңызды күн. Төменде geocult.ru сайтының деректеріне негізделген жұлдызжорамалын ұсынамыз.

Тоқты

Бұл күн маңызды шешімдер қабылдауға, әсіресе қаржы мен ортақ міндеттемелерге қатысты мәселелерге қолайлы. Жағдайдың басын ашып алатын маңызды әңгіме болуы мүмкін. Ең бастысы – тәуекелге бармау және эмоцияға берілмеу.

Торпақ

Торпақ жұлдызжорамал кестесіндегі серіктесі шаянға жақсы ықпал етеді, сондықтан барлық маңызды бизнес-шешімдерді бірлесе отырып қабылдаңыз. Қаржыға қатысты күтпеген жаңалық болуы мүмкін. Серіктесіңізбен қарым-қатынаста барынша шынайылық пен сенім қажет. Жаңа келісімшарттар жасауға немесе ескілерін қайта қарауға сәтті күн.

Егіздер

Келіссөздер жүргізуге қолайлы күн, бірақ әр ақпаратты қайта тексеріп отыру керек. Сіздің ұйымдасқан іс-әрекетіңіз табысыңызға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ денсаулығыңыз бен күн тәртібіне көңіл бөліңіз. Нақты тайм-менеджмент қателіктерден сақтайды.

Шаян

Жұлдызжорамал бизнес-стратегияларды қайта қарауға шақырады. Жеке өміріңізде жаңа романтикалық қызығушылық пайда болуы немесе балалармен қарым-қатынас жақсаруы мүмкін. Өзіңізге ұнайтын жобаларға инвестиция салудың оңтайлы уақыты.

Арыстан

Бүгін назарыңыз үй мәселесіне, отбасыңызға және ішкі жайлылыққа ауады. Күн тыныш шешімдер қабылдауға және жақындарыңызбен қарым-қатынасты нығайтуға қолайлы. Айналаңыздағы адамдардың қолдауына мұқтаж болуыңыз мүмкін.

Бикеш

Келіссөздер мен іскерлік сапарларыңыз өте нәтижелі өтеді. Сараптамалық қабілетіңіз тиімді қаржылық шешімдер табуға көмектеседі. Бауырларыңызбен, қарындастарыңызбен немесе көршілеріңізбен белсенді араласу күтпеген пайда әкелуі мүмкін. Өсек-аяңнан сақтаныңыз, сіздің беделіңіз – ең басты активіңіз.

Таразы

Бүгін жаңа табыс көзін іздеуге немесе жалақы мәселесін талқылауға сәтті күн. Шығындарды қайта қарау да маңызды. Жеке қарым-қатынаста сізден тұрақтылық талап етеді, серіктесіңізбен ортақ мақсаттарды талқылап көріңіз.

Сарышаян

Бизнес-шешімдер қабылдау үшін үлкен ерік-жігер мен көрегендік қажет. Бұл күнді қаржылық серпіліс немесе маңызды жеке трансформация үшін пайдаланыңыз. Жеке өміріңізде шектен тыс бақылаудан аулақ болыңыз. Түйсігіңізге (интуицияңызға) сеніңіз, әсіресе ірі ақша мәселесінде.

Мерген

Күнді асықпай, тыныш өткізген жөн. Болашаққа жоспар құрып, аяқталмаған істерді түйіндеу пайдалы болады. Жалғыз қалып ойлану сізге күш береді.

Тауешкі

Сіздің белгіңіздегі Марс мансаптық өсу мен амбициялық мақсаттарға жету үшін қуат береді. Достарыңыз күтпеген көмек көрсетуі немесе маңызды адаммен таныстыруы мүмкін, араласудан қашпаңыз. Бизнес-идеяларыңызды ілгерілету үшін нетуоркингті пайдаланыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін өз мақсаттарыңыз бен амбицияларыңыз туралы мәлімдеуге қолайлы күн. Басшылықпен маңызды әңгімелер болуы мүмкін. Жеке өміріңіз бен жұмысыңыз тығыз байланысып кетуі ықтимал.

Балықтар

Сіздің белгіңіздегі Сатурн мен Нептун тәртіп пен нақты бизнес-шектеулерді талап етеді. Халықаралық қаржылық байланыстар мен білім алуға оң әсер етеді. Жаңа идеялар жеке қарым-қатынасыңызды нығайтуға көмектеседі.