2026 жылы мобильді аударымдар қалай бақыланады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдарды бақылау қалай жүргізілетінін түсіндірді.

«ЖК ашудың қажеті жоқ»

Ержан Біржановтың сөзінше, аударым сомасы 1 млн теңгеден асса да , жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ.

Салықтық бақылау тек мына жағдайларда жүргізіледі:

  • үш ай ішінде 100 және одан көп түрлі адамнан қаражат түскенде;
  • жалпы сома 12 АЕК-тен (1 млн теңге) асқанда.

«Біз жеке тұлғалардың шоттарын жаппаймыз. Тек шығындар бойынша хабарлама жібереміз. Азаматтың жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет пе, әлде басқа жағдай ма – соның барлығын анықтаймыз», – деді Ержан Біржанов.

Вице-министр сондай-ақ «1 млн теңгеден жоғары аударымдар үшін міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек» деген ақпарат жалған екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін мобильді аударымдар бақылауға алынатыны жайлы жазғанбыз. Министрлік ай сайынғы аударым 300 мыңнан асса, ақша қайдан түскенін дәлелдеу керек болатынын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз