Авто

Алматыда автобуста жолақасы көтеріле ме – әкім жауабы

Алматыда автобуста жолақасы көтеріле ме – әкім жауабы / Фото: kursiv.media Офелия Жақаева, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматы әкімі жақын арада қалада қоғамдық көлікте жолақысы қымбаттамайтынын айтты. Алайда бұл мәселе келесі жылы қайта қарастырылмақ.

ОКҚ брифингі барысында Дархан Сатыбалды Алматыдағы жолақының құнына қатысты сауалға жауап берді.

«Тарифті көтеру туралы айтсақ, әзірге мұндай жоспар жоқ. Келесі жылы 2026 жылы барлық автопаркті толық құрып, электр автобустары мен газ автобустарын сатып алғаннан кейін көреміз», – деді әкім.

Өз баяндамасында әкім Алматыда үш жаңа автобус паркінің құрылысы басталғанын айтты. Болашақта тағы екеуін іске қосу жоспарлануда. Алатау, Жетісу және Наурызбай батыр аудандарындағы жұмыс істеп тұрған автопарктерде газ және электр зарядтау станциялары пайда болады.

Әкім автобустар қала мен оның шекаралас аумақтарын ескере отырып сатып алынатынын айтты. Тек 50 шақырым радиуста қала маңындағы бағыттар бойынша әкімдік 40 млрд теңгеге жуық субсидия төлейді.