Дәрігерлерге шабуылдағандар 10 жылға қамалады: мәжіліс заң қабылдады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
избил врача
фото: shutterstock

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасағаны үшін жаза күшейеді. Бүгін мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Депутаттар ұсынысымен, Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне күш қолдану немесе қорқытуға қатысты жаңа 380-3-бап енгізілді.

Қандай жағдайда жаза тағайындалады

Медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулыққа қауіпті емес күш қолданғанда яғни
итеріп жіберу, ұруға оқталу, күш қолданамын деп қорқытса:

  • 500-1000 АЕК айыппұл
  • түзету жұмыстары
  • 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс
  • 2–3 жылға дейін бас бостандығын шектеу/айыру деген жаза тағайындалады.

Егер әрекет ауыр болса  3–7 жылға дейін бас бостандығын шектеледі немесе айырылады.

Ал дәрігердің өмірі мен денсаулығыны қауіпті күш қолданса, ауыр жарақат салса немесе қарумен шабуылдаса,  5–10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал аса ауыр жағдайда 7–12 жылға дейін түрмеге жабылады.

Күш қолданамын деп қорқытқандарға бөлек жауапкершілік бар. Оларға:

  • 200–500 АЕК айыппұл
  • 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс
  • 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Сонымен қатар жоба аясында ішкі істер органдарына осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу және анықтау жүргізу құзыреті белгіленеді.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері дәрігерлерге шабуыл жасады деген күдікпен 14 қылмыстық іс тіркелген. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бұл заң жобасын осы күзде Асхат Аймағамбетов таныстырған. Қарашада талқылаудан кейін құжат бірінші оқылымда мақұлданды.

Сондай-ақ оқыңыз