Жаңалықтар

Алматы әкімдігі жалдамалы пәтерден шықпаған жастарды сотқа берді

Әкімдік бір топ алматылықты сотқа берген/фото: shutterstock

Алматыда 150-ге жуық адам сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерді босатпай отыр. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды айтты.

Сөзінше, әкімдік пәтерді босатпағандарды сотқа берген.

«Бағдарлама 2019 жылы басталған. 2024 жылға дейін бес жылға жастарға жалға берілген. Мыңнан астам пәтер қайтарылуға тиіс. Ішінде 900-ге жуық пәтерді өз еркімен қайтарып берді. 150-ге жуық адам үйден шықпай отыр. Оларды сотқа беріп, ұттық. Келешекте бәрі босатуы керек», – деді қала әкімі.

Айтуынша, пәтерді алып, әрі қарай басқа адамдарға жалға беріп отырған жағдай да тіркелген.

«Пәтерді үшінші адамға жалға бергендер анықталып, үйден шығарылды. Ал босатылған пәтерлерге қажет жағдайда жөндеу жүргізіп, басқа бағдарлама аясында береміз», – дейді Сатыбалды.

Айта кетейік, бұған дейін бір топ жас сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді сатып алуға мүмкіндік беруді сұрады