Қонаев қаласында төтенше жағдай жарияланады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
ТЖ кезінде көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырлары қалпына келтіріледі/фото: Қонаев қаласы әкімдігі

Қонаев қаласында жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланады. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталындағы құжатта көрсетілген.

Төтенше жағдай кезінде Қонаевтағы көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырлары қалпына келтіріледі.

Қала әкімінің шешімі көрсетілген құжат 2025 жылдың 16 желтоқсанына дейін талқылауға шығарылған.

Айта кетейік, Қонаевта 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні жел соғып, 30-дан астам авариялық жағдай тіркелді. Салдарынан қаладағы кей инфрақұрылым бүлініп, кей ауданда жарық, жылу және суға қатысты мәселе туды.

Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр. Қалада зақым келген нысандарды қалпына келтіру, электр желілерін жөндеу, құлаған ағаштарды алып тастау, аумақты қоқыстан тазалау және шатырларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны Қонаев қаласында ашылатыны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз