Мөлдір Мұқанова сұхбатынан кейін Тұрсынбек Қабатовтың қандай реакция танытқанын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мөлдір бұл жағдайдың отбасы үшін оңай тимегенін жасырмады / фото: ашық дереккөзі
Мөлдір бұл жағдайдың отбасы үшін оңай тимегенін жасырмады / фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мөлдір Мұқанова атышулы сұхбатынан кейін бұрынғы жары Тұрсынбек Қабатовтың қандай реакция жасағанын айтып берді.

Он төрт жыл бойы екі әйелмен тұрып келгені әшкереленген соң, Тұрсынбек Қабатов шетелде оқып жатқан қызына қоңырау соғып, рахмет айтыпты.

«Сұхбаттан кейін балаларға хабарласты. Балаларымен сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Папасы жүрегі елжіреп, дауысы дірілдеп сөйлескен. Рахметін айтқан. Әдемі: «Папа не үшін рахмет айтып жатырсың? Сіз менің әкемсіз. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға сізге рахмет», – деп жауап беріпті», – деді Мөлдір Мұқанова.  

Продюсердің сөзіне қарағанда, ол қазір бұрынғы күйеуінің балаларының телефон нөмірлерін блоктағаны үшін де айыптамайды.

«Негізі, жүрегі кең адам. Уақытша қателік. Сол уақытта телефондары блокқа кетті деп айттым. Ол сәтте мен қасында болмадым. Сондықтан Тұрсынбектің өзі блоктады ма, әлде, қасындағы адамдар блогтады ма, біз білмейміз. Мен тек фактіні айтамын», – дейді Мөлдір Мұқанова.

Десе де, бұл жағдай отбасына оңай тимегенін жасырмайды.  

«Қаншама уақыт біз хабарласа алмай қалдық. Жазбаларымызға жауап барған жоқ. Бір ғана қанат белгісі барып тұрды. Соққан қоңырауымыз бармай қалды. Байланысқа шыға алмай қалдық. Сағындық. Жыладық. Айару мен Нұриман дедім. Мектепте балалармен төбелесіп қалды. Сондай сәттер болды. Сол сәтте эмоцияға беріліп айтып қойдым», – деді Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары.

Мұның алдында Мөлдір Мұқанованың неге ашық сұхбат бергенін журналист Жанар Байсеміз түсіндіріп берген еді.  

Сондай-ақ оқыңыз