Жаңалықтар

BAE Sistems компаниясы Air Astana акциясының 10 пайызын сатты

Алматы-Мумбай: Air Astana Үндістанға рейсін ашады
Аңыошын акционері әуе компаниясының акциясын сатты / Фото: kursiv.media архиві, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Air Astana компаниясының акционерлері құрамында өзгеріс енбек. Негізгі акционерінің бірі – ағылшынның BAE Sistems компаниясы өзіне тиесілі 16,95 пайыз акцияның 10,1 пайызын сатты.

BAE Systems компаниясының Лондон қор биржасына жолдаған ақпаратында Air Astana әуе компаниясының жаһандық депозитарлық қолхаттарын (ЖДҚ) орналастыруды (4 жай акцияға тең) аяқтағанын хабарлады. Мәміле аясында компания 5,8 доллардан 9 млн қолхат сатқан.

Бағалы қағаздарды орналастыру нәтижесінде BAE Systems Air Astana-дағы үлесінен толық айырылған жоқ. Мәміледен кейін компанияның иелігінде 6 109 982 ЖДҚ қалды, бұл әуе компаниясы акцияларының шамамен 6,9%-ына сәйкес келеді. Бұл пакетке стандартты ерекшеліктерді ескере отырып, 90 күндік лок-ап шектеуі қолданылады. Яғни, осы кезеңде аталған үлесті нарықта сату шектеледі.

Бұл сатылым жылдам «bookbuild» әдісімен өткен, яғни акциялар ірі инвесторларға бірден ұсынылды. Мәміле бойынша есеп айырысу 2025 жылғы 22 желтоқсанға жоспарланған.

Әуе омпаниясы да Қазақстан қор биржасына жолдаған ақпаратында «BAE Systems топтағы өз үлесінің бір бөлігін сатуды жоспарлағаны» туралы хабардар екенін атып өтіп, енді негізгі активі емес екенін атап өткен.

«Біз енді Топ BAE Systems қызметінің кең қызметінде негізгі актив болып табылмайтынын мойындаймыз және оның дамуының осы маңызды кезеңінде Топ құрамында жаңа акционерлердің қосылуын қолдаймыз. Біз сондай-ақ сату нәтижесінде акциялардың еркін айналымының ұлғайғанын атап өтеміз», – делінген компания хабарламасында.

Air Astana акциялары арзандады

Air Astana акциялары BAE Systems компаниясы өз үлесінің бір бөлігін сататыны туралы жаңалықтан кейін арзандап кетті. KASE биржасында акциялар шамамен 6%-ға, ал Лондон биржасында 5%-ға төмендеді.

Айта кетерлігі, IPO-дан бері Air Astana акцияларының бағасы теріс динамикада жүр. Қазіргі құны бастапқы орналастыру бағасынан шамамен 22%-ға төмен.

Әуе тасымалдаушының негізгі акционерлері кім?

Air Astana 2001 жылы Қазақстан Республикасы мен BAE Systems арасындағы бірлескен кәсіпорын ретінде құрылған.

«Эйр Астана» компаниялар тобының 41 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына тиесілі. Ал 20,85 пайыз үлесі CITIBANK,N.A.-NY арқылы номиналды ұстаушыларға тиесілері болса, БЖЗҚ қаржысына 6,51 пайыз акциясы сатып алынған.

Ал BAE Systems Air Astana-ның стратегиялық серіктесі ретінде компания құрылған кезден бастап қатысып келеді.

2024 жылғы IPO барысында BAE Systems өзінің үлесін 49 пайыздан 16,95%-ға дейін қысқартқан болатын. Соған қарамастан, компания әлі де Air Astana-ның ірі акционерлерінің бірі болып қалып отыр және директорлар кеңесінің құрамында бар.