Қарашада елдегі инфляция 12,4% болды

Жарияланды 17 Желтоқсан 2025 14:25

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: ашық дереккөзден

Қарашада елдегі жылдық инфляция 12,4% болды. Елдің бес өңірінде инфляция жеделдеді, төртеуінде бұрынғы деңгейде қалды. Ал 11 өңірде баяулады деп хабарлайды Ұлттық банктен.

Қараша айындағы баға өсімі қалай болды?

 Азық-түлік бағасы

  • Бір жылда 13,4% өсті (қазанда – 13,5%)
  • Ең қатты қымбаттаған өңір: Ұлытау облысы – 17,1%
  • Ең төмен өсім: Алматы қаласы – 11,2%

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар

  • Жылдық өсім: 11,2% (қазанда – 11,0%)
  • Ең жоғары өсім: Ақтөбе және Жетісу облыстары – 13,2%
  • Ең төмен өсім: Батыс Қазақстан облысы – 8,6%

Ақылы қызметтер

  • Баға өсімі 12,3%-ға дейін баяулаған (қазанда – 12,9%)
  • Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында қызмет бағасы ел орташа деңгейінен төмен өсті – 9,4%

Қарашада ел бойынша баға 0,8% өсті

Қазанда елдегі жылдық инфляция 12,6% болған еді. Халық келесі жылы баға бұдан да қатты өседі деп алаңдайды.  Ұлттық банктің сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 13,9%-ы алдағы 12 айда инфляция 20%-дан да жоғары болады деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз