ШҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс шектелді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Ауа райы жол қозғалысы ҚазАвтожол
ШҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс шектелді / Фото: Shuttertock

Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық автожолдардың бірқатар учаскесінде жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Компания 17 желтоқсанда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша өңірде қолайсыз метеожағдайларға байланысты жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалысқа уақытша шектеу болатынын нақтылады.

Шектеу республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының мынадай учаскелеріне қолданылады:

  • Өскемен-Риддер автожолы 15-тен 105-ші километрге дейінгі арасы (Белоусовка кентінен Риддер қаласына дейінгі учаске);
  • Өскемен-Шемонаиха автожолы 1104-тен 1191-ші километрге дейінгі учаскеде (Глубокое ауылына бұрылыстан Шемонаиха қаласына дейін).

Сондай-ақ, өңірде республикалық автомобиль жолдарын күтіп ұстауды қамтамасыз ету үшін 927 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ оқыңыз