Тәуелсіздік күні неше сәби дүниеге келді

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің тілшісі
Сколько малышей родились в День Независимости, рассказали в Минздраве
Тәуелсіздік күні неше сәби дүниеге келді / Фото: unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Тәуелсіздік күні бірден жүздеген отбасы үшін ерекше мерекеге айналды. Денсаулық сақтау министрлігі мереке күні елімізде 725 сәби дүниеге келгенін хабарлады.

Бір қызығы, дүние есігін жаңа ашқан қазақстандықтар арасында 7 егіздер бар.

«Перзентханалардың медицина қызметкерлері мереке күні аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақтылы көмек көрсетті. Ата-аналарды отбасындағы қуанышпен құттықтаймыз және жаңа туған нәрестелерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және тәуелсіз Қазақстанда жарқын болашақ тілейміз», – деп құттықтады қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар бұл күні 362 ұл мен 363 қыз дүниеге келген.

Сондай-ақ оқыңыз