
Тәуелсіздік күні бірден жүздеген отбасы үшін ерекше мерекеге айналды. Денсаулық сақтау министрлігі мереке күні елімізде 725 сәби дүниеге келгенін хабарлады.
Бір қызығы, дүние есігін жаңа ашқан қазақстандықтар арасында 7 егіздер бар.
«Перзентханалардың медицина қызметкерлері мереке күні аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақтылы көмек көрсетті. Ата-аналарды отбасындағы қуанышпен құттықтаймыз және жаңа туған нәрестелерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және тәуелсіз Қазақстанда жарқын болашақ тілейміз», – деп құттықтады қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігі.
Сонымен қатар бұл күні 362 ұл мен 363 қыз дүниеге келген.