
Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны Қонаев қаласында ашылады. Ол әйгілі Медеу айдынынан екі есе үлкен. Бұл туралы Kursiv.Media Алматы облысы әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Қонаевтағы мұз айдының аумағы – 22 100 шаршы метр. Салыстырар болсақ, қазір жөнделіп жатқан Медеу айданның аумағы 10 500 шаршы метр ғана. Алматы облысының орталығындағы мұз да ашық аспан астында орналасқан.

Өңір әкімдігі қысқы туризмді дамытуға ден қойып отыр. Таулы аймақтарды тамашалауды қалайтындарға Oi-Qaragai құшағын ашуға дайын. Мұнда Орталық Азиядағы ең ұзын тау шаңғысы трассасы бар.
«Теңіз деңгейінен 2140 метр биіктіктегі бұл курорт қар жамылған шыңдарымен, көкжиекке ұласқан аумағы жаныңды баурайды», – деп таратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Медеу биік таулы спорт кешенін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеудің қашан аяқталатыны Kursiv.Media мақаласында айтылған.
Жақында Шымбұлақта жаңа мұз айдыны іске қосылған.