Қытай Алматы қаласында автобөлшек шығаратын зауыт салады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қытай автокөлік зауыты
фото: shutterstock

Қытай инвесторлары Алматы қаласында автокөлік бөлшегін шығаратын зауыт салғысы келеді. Жоба құны – 100 млн доллар. Бұл туралы мегаполис басшысы Дархан Сатыбалды жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясында хабарлады.

Әкімнің айтуынша, қытайлар салатын зауытта тешегіш қалыбы (колодка) шығаралады. Тауар елде ғана сатылып қоймай, әрі қарай экспортталады.

Бұған қоса, Сатыбалды тағы бір қытай компаниясы Алматыда қоқыс өңдеуге арналған кәсіпорын салғысы келетінін айтты. Жоба құны – 280 млн доллар.

2025 жылы Қазақстанда қытай инвестициясы күрт артты. Қазір көрші елдің капиталының қатысы бар ірі өндіріс елдің барлық өңірінде бар.

Жақында ғана Kursiv.Media биыл Алматы қаласында қытай туристерінің саны күрт өскенін жазған. Осы үрдіс сақталса, 2026 жылы-ақ аспан асты елінен ағылған көш шетел туристеріндегі үлес салмағы жөнінен бірінші орынға шығады.

Сондай-ақ оқыңыз