Жаңалықтар

Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барды

Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барды / Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақстан президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды», – деп хабарлады Ақорда.

Ертең, 18 желтоқсанда, Тоқаев Жапония императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ, Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Бұдан бөлек, ол «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.