Жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап МӘМС жүйесінде маңызды өзгеріс болады

17 миллион адам, яғни азаматтардың 82 пайыздан астамы сақтандырылған / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, МӘМС жүйесінде маңызды өзгерістер күшіне енетінін айтты.

Оның мәліметінше, қазіргі кезде елде 17 миллион адам, яғни азаматтардың 82 пайыздан астамы сақтандырылған. Оның ішінде 12 миллионнан астамы жеңілдік берілген санаттар қатарында.

«Ал 4 жарым миллионан астам адам жарналарын өздері төйлейді. Біздің міндетіміз – осы тізімді одан әрі арттыру. Сондықтан жүйеге әлі кірмеген азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру мүмкіндіктерімен мұқият танысуға шақырамын», – деді министр.

Балаеваның сөзіне қарағанда, жаңа жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру пакеті едәуір кеңейеді. Оған қант диабеті, балалар церебральды сал ауруы, ревматизм секілді тағы да басқа созылмалы аурулар еңгізілмек.

Оның пікірінше, ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты байлығы. Осы тұрғыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі әрбір адамның денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды тетік.

«2026 жылдан бастап сақтандырылған азаматтар міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде жоспарлы медициналық қызметтерді ала алады. Бұл жүйе азаматтардың қаржылық тәуекелдерін азайтып, денсаулық сақтау саласын сапалы, жаңа деңгейге көтеруге жағдай жасайды», – деді ол.

Мұның алдында Аида Балаева іс қозғалған журналистерге қатысты пікір білдірген.