18 желтоқсан күні кешке Қазақстанда жолдар жабылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
метель
18 желтоқсан күні кешке Қазақстанда жолдар жабылды / Фото: Shutterstock

Қазавтожол 18 желтоқсан күні кешке ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда қандай жолдар жабылғаны туралы хабарлады.

Ақтөбе облысы

Сағат 20.30-дан бастап Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының 0-234 км учаскесінде ( Қарабұтақ учаскесі-Қостанай облысының шекарасы) жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс шектеледі. Жолдың ашылуының болжамды уақыты – 19 желтоқсан сағат 8.00.

Сағат 21.00-ден бастап РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, 776-1153 км (ЭКО ойл -ргыз ЖМҚС уч.) автожол учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеледі. Жолдың ашылуының болжамды уақыты – 19 желтоқсан сағат 8.00.

Қостанай облысы

Сағат 20.30-дан бастап Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының учаскесінде, 234-385 км, Ақтөбе облысының шекарасы-Денисовка учаскесінде жүк және қоғамдық автокөліктер үшін қозғалыс шектеледі. Жолдың ашылуының болжамды уақыты – 19 желтоқсан сағат 8.00.

Сондай-ақ оқыңыз