2026 жылы тариф өсуі мүмкін: елордада коммуналдық компаниялар өтінім берді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Тариф коммуналдық тариф
2026 жылы тариф өсуі мүмкін: елордада коммуналдық компаниялар өтінім берді / Фото: Shuttertsock

Табиғи монополияларды реттеу департаменті коммуналдық тарифтерді көтеруге өтінімдерді қарайды, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Қазір елімізде коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий жарияланған. Ол 2026 жылдың сәуір айында аяқталады. Бұл шектеулер келесі жылдың қаңтарында өзгертілетін тарифтерге де әсер етед. Олардың қолданылуы арнайы бұйрықпен 2026 жылдың I тоқсанының соңына дейін тоқтатылды.

«Мысалы, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарлы өсім бар. Бірақ I тоқсаннан кейін қандай тарифтің өзгеретінін нақты айта алмаймын. Қазір барлық өтініштер мен бұйрықтар қаралуда», – деді департамент басшысы Жандос Сәлімов.

Оның айтуынша, шешім қабылдау кезінде мамандар инфляцияны, индекстеуді және басқа да экономикалық факторларды ескереді.

16 қазанда Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар пакетін жариялаған болатын. Оның аясында коммуналдық тариф өсуіне келесі жылдың сәуіріне дейін мораторий жариялады. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мұны экономикалық толқу қаупімен түсіндірді. Бірақ сарапшылар бұл уақытша шара кейін одан да үлкен проблема тудырады деп сынға алды

Сондай-ақ оқыңыз