Air Astana ұшағы Делиге шұғыл қонды

18 желтоқсанда «Air Astana» әуе компаниясының Алматы – Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындаған ұшағы Дели әуежайына шұғыл қонды. Бағыттың өзгеруіне техникалық ақау себеп болған.
Әуе компаниясының хабарлауынша, 138 жолаушысы бар борт Алматыдан түнгі сағат 01:00-де ұшып шығып, Үндістан астанасына 05:51-де қонған. Әуе көлігінің жерге қонуы штаттық режимде өткен.
Қазіргі уақытта жолаушыларға тамақ беріліп, уақытша визалар рәсімделді және оларды қонақүйге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар тасымалдаушы адамдарды діттеген жеріне жеткізу үшін резервтік ұшақ дайындамақшы.
17 желтоқсанда дәл осы компанияның Алматыдан Астанаға бет алған ұшағынан түтін шығып, апаттық дабыл соғылған. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ