Алтынның биржалық бағасы тарихи максимумды жаңартты

Жарияланды 18 Желтоқсан 2025 22:53

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
алтын
Алтынның биржалық бағасы тарихи максимумды жаңартты / фото: kursiv.media архиві

18 желтоқсанда алтынның биржалық бағасы тарихи максимумды жаңартты, тарихта алғаш рет алтын унциясы үшін құны 4400 доллардан асып түсті, деп жазады «Прайм«.

Астана уақытымен 21.17-дегі жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынға фьючерстердің бағасы алдыңғы жабылуға қатысты 28,95 долларға дейін немесе 0,66%–ға унциясы үшін 4 402,85 долларға дейін көтерілді. Тарихта алғаш рет бұл көрсеткіш 4400 доллардан жоғары болды.

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстандағы алтын бағасы 18 Желтоқсанда 71 347,99 теңгені құрайды.

АҚШ Федералды резерв жүйесінің (ФРС) келешектегі монетарлық саясаттағы өзгерістер туралы мәлімдемесі алтын нарығына оң әсер еткенін жазған едік. ФРС АҚШ еңбек нарығындағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, 2026 жылы пайыздық ставканы төмендетуі мүмкін деп болжаған

Сондай-ақ оқыңыз